ҚР ҰҚК 2006 жылы басқа елдердің аумағында жасаған қылмыстары үшін ТМД елдеріне 14 адамды экстрадициялады

К. Бекназаровтың ақпаратына сүйенсек, Ресей Федерациясына өз аумағында ауыр қылмыстар жасаған 10 адам айдалды, оның бесеуі Солтүстік Кавказ аумағындағы заңсыз қарулы жасақтардың белсенді мүшелері (үшеуі араб жалдамалысы Абу-Дзейт басқарған "Халифат" бандылар тобының мүшесі) болып табылады, ал қалған бесеуі банды жасақтарын қаржыландаруға қатысты деп айыпталғандар.

Сонымен қатар, Өзбекстанға лаңкестік әрекеттер жасаған, қасақана адам өлтірген, қылмыстық топтар мен діни-экстремистік әрекеттер ұйымдастырған үш адам экстрадицияланды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті