ҚР ҰҚК "Activ" номерлерін міндетті түрде тіркеу шарасын қолдайды

"Қылмыстық істерді тексеру барысында анықтағанымыздай, телефон қоңырауларын жасыру үшін лаңкестік ұйымдардың мүшелері "Activ" желісінің қызметін жиі пайдаланатын болып шықты",- деді В.Божко.

Оның айтуынша, "Орталық Азия моджехедтерінің жамағаты" атты лаңкестік ұйымның іс-қызметі тексерілген қылмыстық іс аясында оның мүшелері "Activ" карточкаларын пайдаланатыны анықталды. "Олардың қолында шетелдегі орталықтарымен байланысқа шығу үшін әрбіреуінде үштен-беске дейін телефондары болған және олардың номерін ұдайы өзгертіп отырған",- деді ол. "Еліміздегі қылмыс әлемі түгелдей"Activ" номерлерін тұтынады",- деді В.Божко. "Осындай жолмен заңнан бас сауғалап қалу оңайға түседі",- деп пайымдайды ол.
Осыған байланысты В.Божко GSM-Kazakhstan ұялы байланыс компаниясының
"Activ" желісінің тұтынушыларын қайтадан тіркеуге бағытталған әрекеттерін дұрыс қадам деп бағалады.