ҰҚК-нің хабарлауынша, еліміздегі бірқатар БАҚ-тар "қыркүйектің 21-інен 22-сіне қараған түні Алматыда бір топ адам бейнекамера алып, "Ақ жол" партиясы жетекшілерінің ізіне түсті" деген мақала жариялаған. Мақала авторларының уәжіне сенсек, "із аңду" шарасына ҚР ҰҚК-нің қызметкерлері қатысыпты.
Ал ҚР ҰҚК-нің хабарлауынша, арнаулы қызмет өкілдері "аңду" шарасына қатысқан жоқ, оқиға орнына арнайы топ жіберілмеген. "Ақ жол" партиясының жетекшілері Комитет өкілдерімен ресми кездесу барысында ҰҚК өкілдері "ізге түсу" шарасына қатысты деген өздерінің тұжырымы мынадай дерекке: ҰҚКД-нің кезекші бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына келмей қоюына негіздегенін мәлімдеген көрінеді.
Сөйтіп, ""Ақ жол" партиясының жетекшілері ешбір дәлелмен куәландырылмаған жеке тұжырым негізінде ҚР ҰҚК-ін заңсыз әрекетке барды деп жалаң айыптау арқылы қоғам алдында мекеменің беделін қасақана түсірді",- дейді ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетіндегілер. Осыған байланысты ҚР ҰҚК "Ақ жол" партиясының жетекшілерінен кешірім сұрап, таратылған жалған ақпаратты БАҚ арқылы жоққа шығаруды талап етеді.