Ақпаратқа сәйкес, С.Юное Қазақстан ҰҚК тәжірибелік ықпалдастығы аймақтық қауіпсіздік мәселелерін нәтижелі шешуге, екі елдің ұлттық мүдделеріне төнген қауіпті сейілтуге оң ықпал ететінін айтқан.
Сонымен қатар, Қазақстан делегациясын Пекинде ҚКП ОК саяси бюросының тұрақты мүшесі Ло Гань қабылдады. Ол өз кезегінде екі елдің арнайы қызметтерінің халықаралық терроризм және экстремизммен күрес мәселелеріндегі қарым қатынасын жоғары бағалап, қазақстандықтарға осы проблемалар бойынша мемлекеттік қауіпсіздік министрлігіне қол ұшын бергендері үшін алғысын білдірді.
Сондай ақ , қытайлықтар Қазақстанның ҰҚК 2008 жылы Пекинде өтетін Олимпиадалық ойындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына атсалысады деген сенімдерін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті