ҚР ҰҚК бөлімшелерінде жаңа тағайындаулар болды

Мәселен, ҰҚК-нің 5-департаментінің бастығы болып Жақсылық Молдақұлов, ҰҚК әскери қарсы барлау департаментінің төрағасы болып полковник Саят Мыңбаев тағайындалды.

Сонымен бірге ҰҚК-нің облыстық департаменттерінің бастықтары тағайындалды. Мәселен, ҰҚК-нің Ақмола облыстық департаментін генерал-майор Қабдылкәрім Әбдіказимов, Ақтөбе облыстық департаментін полковник Тұрысбек Әлиаскаров, Алматы қалалық департаментін полковник Нұржан Мырзалиев, Алматы облыстық департаментін генерал-майор Әділ Шаяхметов, Шығыс Қазақстан облыстық департаментін генерал-майор Жанат Жарасов, Жамбыл облыстық департаментін генерал-майор Қосбасар Нұрбеков, Қостанай облыстық департаментін полковник Нағашыбай Атшабаров, Маңғыстау облыстық департаментін генерал-майор Болат Шайманов, Павлодар облыстық департаментін полковник Қамза Ыбыраев басқаратын болды.