"Ішкі істер органдары қызметкерлерінің 26 мәрте есірткінің заңсыз айналымына қатысу дерегінің жолы кесілді", - деді Кенжеболат Бекназаров. "Семей қалалық ішкі істер басқармасының және Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің орта буын басшылары сотқа тартылды", - деп толықтырды ол.
Кенжеболат Бекназаров "халықаралық есірткі саудасымен күрес қызметінде Комитет бөлімшелерінің басты нысанасы есірткі тасымалының жолын кесуге, ұйымдастырушылардың және олардың көмекшілерінің барлық қылмыстық тізбегін анықтауға бағытталған". Нәтижесінде, оның айтуынша, 21 есірткі тасымалының арнасы жойылып, 252 тұлға тұтқындалған. Заңсыз айналымнан тоннадан астам есірткі заты алынған, оның ішінде 688 келі героин мен апиын бар.
Сонымен бірге, "Шығыс сафари" және "Тайфун" арнайы операцияларының нәтижесінде Қазақстанның бірқатар қалаларында екі ірі есірткі қоғамдастығының қызметі тоқтатылды. ҰҚК мәліметтеріне сүйенсек, аталмыш операциялар аясында есірткі саудасына қатысы бар 21 тұлға тұтқындалған. Заңсыз айналымнан 160 кг апиын мен героин алынды.
Сонымен қатар, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Алматы, Петропавл, Тараз, Павлодар және Қостанай қалаларында есірткі саудасының өткелдік базалары жойылған.