ҚР ҰҚК Кубадағы Гуантанамо базасында қамауда отырған Қазақстан азаматтарын елімізге экстрадициялауға қол жеткізбекші

В.Божконың айтуынша, қазір еліміздің 3 азаматы Гуантанамо базасында отыр. Қазақстандық мамандар тобы осында болып, оларға қатысты іс материалдарымен танысты.

Алайда, ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасарының айтуына қарағанда, олардың заңдық мәртебесін айқындауда қиындықтар туындаған. ҚР азаматтарын Ауғанстанда тұтқынға алған АҚШ Қарулы Күштерінің қолбасшылары оларды "Талибан" қозғалысыынң мүшелері деп мәлімдегенімен, шын мәнінде әскери тұтқын ретінде танудан бас тартып отыр. Қазір бұл мәселе АҚШ жоғарғы сотының қарауына тапсырылды.
В.Божконың айтуынша, еліміз азаматтарын экстрадициялау мүмкіндігі пайда болған жағдайда олардың айып мөлшерін анықтау үшін дербес тексеру жүргізіледі. Егер бұл азаматтар үшінші бір елде қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы тиіс екендігі анықталса, оларға лайықты жаза жүктеледі.