ҚР ҰҚК "Лаңкестікпен күрес туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар жобасын дайындауда - ҚР ҰҚК антитеррорлық орталығының штаб бастығының орынбасары

А.Әмірхановтың айтуынша, осындай заң жобасы парламентке биылғы жылдың аяғына дейін енгізілуге тиіс. Бұл заң жобасында лаңкестік әрекеттермен бірге нұқсанды секталар мен ұйымдар туралы мәселе де көрініс табуға тиіс. "Адамның тұлғалық санасын улайтын кері әсері үшін" бұл ұйымдардың іс-қызметіне кейбір елдерде тыйым салынғаны белгілі. ҚР ҰҚК антитеррорлық орталығының штаб бастығының орынбасарының айтуынша, осы санатқа сайентология (дианетика), иеговшылар мен Оңтүстік Кореяның "Церковь благодати" ағымдарын қосуға болады.

"Өкінішке орай, біз үшін сотқа арнап жақсы дәлелдер базасын жинау қиын. Мәселен, саентологияның әсерімен адамдардың шын мәнінде "қоғамның аясынан алшақтап, белсенді тіршілік құрудан қалатындығын" тап басып дәлелдеп беру оңай емес. Ал айталық "Хизб-ут-Тахрир" ұйымына қатысты материалдар жинақтау жеңілірек болды",- деді ол. "Дайындалып жатқан заң жобасында деструктивтік сипаттағы осындай ұйымдарға қатысты мәселелер айқындалады. Уәкілетті мекемелердің әлгіндей ұйымдардың іс-қызметін қадағалау құзыретінің аясы біраз кеңейтіледі. Заң жобасымен жұмыс істеу барысында біз АҚШ пен Германиялық әріптестеріміздің заң шығару тәжірибесі мен материалдарын ескердік",- деді А.Әмірханов.

Ол сондай-ақ, ҚР ҰҚК лаңкестікпен күрес жөніндегі 2007-2009-жылдарға арналған үшінгі мемлекеттік бағдарламаның жобасын жасағанын хабарлады. Онда "қоғамдық институттармен және мемлекеттік мекемелермен бірлесе ұйымдастырылатын насихатттық сипаттағы шаралар да" қарастырылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті