ҚР ҰҚК мен РФ Қауіпсіздік қызметінің аумақтық және шекаралық органдары өзара ынтымақтастықты жетілдіру жөніндегі қорытынды құжатқа қол қойды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мәжіліс нәтижесінде Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің аумақтық және шекаралық органдарының екі жақты ынтымақтастық аясындағы өзара ынтымақтастығын жетілдіру жөніндегі нақты шараларды алдын ала қарастыратын қорытынды құжатқа қол қойылды.

Мәжіліске Қазақстан ҰҚК және Ресей ФҚҚ басшыларының бастауымен Қазақстан-Ресей шекарасының солтүстік-батыс телімінде бір уақытта екі кезеңмен өткізілген өзара әрекеттестіктегі қауіпсіздік органдарының жұмысына жүргізілген инспекторлық тексеру түрткі болды.

Мәжіліске қатысушылар Қазақстан мен Ресейдің аумақтық және шекаралық қауіпсіздік органдарының трансшекаралық қылмысқа қарсы әрекет етудегі екі жақты ынтымақтастығының жағдайы мен келешек дамуының көкейкесті мәселелерін талқылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті