ҚР ҰҚК республика аумағында болуы ықтимал лаңкестік әрекеттердің алдын алуға бағытталған шаралар жүйесін жасады

Оның мәлімдеуінше, "Норд-Ост оқиғасынан кейін ҰҚК-нің құрылымында халық көп жиналатын нысандарда шағын шараларды жоспарлау жүйесі қабылданған". В.Божконың айтуынша, Қазақстандық арнаулы қызметтерде әрбір осындай нысанға қатысты, оның ішінде, театрлар, сауда орталықтары, өнеркәсіптік нысандар, концерт залдары мен мемлекеттік ғимараттар бойынша нақты шаралар ескерілген. "Біздің күш, құрал-жабдықтарымыз кез-келген төтенше жағдайда қолданысқа әзір",- деді ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары.

В.Божконың айтуынша, "әсіресе лаңкестік әрекетке жол бермеуге ғана емес, алдын-ала сақтануға баса назар аударылуда". "Қазір лаңкестік әлеуеті жоғары елдердегі тыңшылық іс-шаралар мейлінше пәрмендендірілді. Өйткені, біздің іс-қызметіміздің ең тиімді әдісі - елімізді тысқарыдан қорғау болмақ",- деді ол. Сондай-ақ, ел ішінде де "лаңкестік пиғылдағы адамдардың іс-әрекеттерін" әшкерелеуге бағытталған жұмыстар күшейтілді.