ҚР ҰҚК-нің қолына түскен Ауғанстандағы есірткі өндіретін зертханалардың орналасқан жері туралы ақпаратты басқа елдердің арнаулы қызметтері пайдаланбады

"Біздің қолымызда Ауғанстандағы көкнәр егістіктері мен есірткі өндіретін зертханалардың орналасқан жері туралы нақты ақпараттар бар, бұл ақпаратты біз басқа елдердің арнаулы қызметтеріне жолдадық. Алайда, әзірге олар "құмға сіңген судай" аяқсыз қалуда",- деді ол.

Н.Дүтбаевтың айтуынша, Ауғанстандағы көкнәр егістіктерінің көлемі жыл өткен сайын арта түсуде. "Қазіргі таңда Ауғанстанда есірткі өндіретін бірнеше ондаған зертханалар бар. Ал әрбір далалық командир үшін бұл - бюджет",- деді ол.