ҚР Велоспорт федерациясы ең заманауи допингке қарсы жүйені енгізуге ниетті

Қазақстандық велоспорт федерациясының ақпаратына сүйенсек, бірлескен допингке қарсы бағдарлама шеңберінде қазақстандық велошабандоздардың допинг-тесті жүргізіледі, барлық жастағы велоспортшылар арасында жаппай биопаспорт енгізіледі.

Қазақстандық «Допингке қарсы орталық» 2013 жылы WADA (Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік) бастамасымен құрылды, халықаралық құрылыммен  ресми аккредиттелген.