"Қазақстан үшін қалыптасып отырған аса қолайсыз жағдайды ескере отырып мен тиісті ведомстволарға суды жіберу мәселесін 2008 жылдың 20 шілдесіне дейін шешуге тапсырма бердім. Егер ол шешілмесе, Қырғызстаннан қымбат электр қуатын сатып алу тоқтатылады. Одан тек Қазақстан ғана емес, Өзбекстан мен Тәжікстандағы жерлер де зардап шегеді. Сізден жағдайды түзкту бойынша тиісті шараларды қабылдауды өтінемін", - деп жазылған жеделхатта.