ҚР Волейбол федерациясы мен "Самұрық-Қазына Астана" корпоративтік қоры арасында демеушілік көмек туралы келісім жасалды


Келісім бойынша демеуші тарапынан бөлінген қаражат елде волейбол спортын дамытуға бағытталады. Ол классикалық және жағажай волейболы құрамаларының оқу-жаттығу жиындарына, сондай-ақ олардың түрлі халықаралық жарыстарға қатысуына жұмсалмақ.