ҚР және ГФР арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технология салаларындағы серіктестік өте маңызды

Қазақстандық дипломат өз баяндамасында форумға қатысушыларды «Қазақстан-2050» даму стратегиясы шеңберінде еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті аспектілерімен таныстырды, сондай-ақ, 2012 жылғы ақпанда Мемлекет басшысының ГФР-ға жұмыс сапары қорытындысында қол жеткізілген уағдаластық мәнмәтініндегі Қазақстан-Германия екіжақты ынтымақтастығының негізгі басымдықтары туралы ақпараттандырды.

Баден-Вюртемберг Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Петер Кулитц екі ел арасында орнатылған шикізат, өнеркәсіп және технология серіктестігінің маңыздылығын ерекше атап айтты және Баден-Вюртемберг компанияларын Қазақстандағы индустриялық және технологиялық жобаларды іске асыруға барынша белсенді кірісуге шақырды.


ҮИИДМБ іске асыру бойынша неміс фирмаларын тарту мақсатында елші Н. Онжанов «Liebherr» концерні басшылығымен екіжақты ынтымақтастықты жолға қою мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді және компанияның өндірістік цехын аралап, құрылыс және тоңазытқыш жабдық өндірісінің технологиялық циклімен танысты.