ҚР жаңа аймақтық әуекомпания құру мақсатында «Boeing» және «Airbus» маркалы 17 әуе кемесін сатып алуды жоспарлап отыр

“Қазіргі кезде аймақтық әуекомпаниясын құру туралы бағдарлама үкіметтің қарауында жатыр. Бағдарламаға сәйкес, 17 әуе кемесін сатып алу жоспарланған. Әзірге лизинг мәселесі жоқ», -дейді Д. Серікбаев. Болжам бойынша, сатып алынган ұшақтар лизингке қазақстандық компанияларға беріледі.

Д.Серікбаевтың айтуынша, бұл мәселе күзде шешіледі . «Жаңа ұшақтарды сатып алу өте қиын»,-дейді ол.

Д.Серікбаев өз сөзін « Қазақстан «Boeing», «Airbus» ұшақтарын сатып алуға ықтияр , бірақ кез-келген әуе кемесін алғанда, оның тарихы, қандай жағдайда қолданыста болғаны , қандай-да бір төтенше оқиға болған-болмағаны және ұшу қабілеті тексеріледі»,-деп қортындылады.

Журналистердің сауалдарына жауап берген Д.Серікбаев, жаңа аймақтық әуекомпанияның құрылуы Эйр Астана компаниясының жұмысын тоқтатпайды деп сендірді. Себебі, жаңа компания барлық қалаларды қамти алмайды.