ҚР жаңа Салық кодексінде Әлемдік банктің білім беру және денсаулық сақтау саласын ынталандыру бойынша ұсыныстары ескерілуі керек - Мәсімов

"Адам капиталының, әсіресе білім беру және денсаулық сақтау жүйесінің дамуынсыз мемлекеттің бәсекелестік тұрақтылығына қол жеткізілмейді ", - деді К. Мәсімов.

"Сондықтан жаңа салық кодексін дайындау кезінде салаларды дамыту және ынталандыру жөнінде әлемдік тәжірибе електен өткізіліп, ескерілуі тиіс ", - деп ойын жеткізді ол.

"Біз Әлемдік банк қызметкерлерімен көп кездесіп, олар осы аталған салаларды ынталандыру бойынша ұсыныстарын айтқан болатын ", - деп атап өтті премьер. "Бұл ұсыныстар жаңа Салық кодексінде ескерілуі тиіс ", - деп қорытындылады ол.