Ал Астана қалалық әкімшілігінің өкілдері KZ-today тілшісіне әкімшілік пен "Бен Ладен групп" ЖШС арасында компанияға басқа жер учаскелерін беру туралы алдын-ала келісім жасалғанын хабарлады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2000-жылы қаланың әкімшілік кеңесі "Бен Ладен групп" ЖШС-іне тұрғын үй және сауда кешендерін, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын салу үшін Есілдің сол жақ жағалауынан 8 жер учаскесін берген. Алайда, кәсіпорын өзіне жүктелген міндеттемелерді орындаған жоқ. Осыған байланысты Астана қалалық әкімшілігі аталған жер учаскелерін басқа құрылыс компанияларына беруге шешім қабылдады. Ал 2004-жылы "Бен Ладен групп" ЖШС учаскелердің қазіргі қожайындарынан құрылыс жұмыстарын тоқтатуды талап етіп Астана қалалық сотына шағым түсірген. Алайда, сот бұл талапты қанағаттандырмады.
2004-жылдың 24-қарашасында Астана қалалық прокуроры қалалық сотқа бұрындары "Бен Ладен групп" ЖШС-іне жеке меншікке берілген жер учаскелерін тұтқындау туралы өтініш жолдады. 26-қарашада сот жер учаскелерін тұтқындауға шешім шығарды. Соңынан Астана қалалық прокуратурасы Сауд Арабиясының "Бен Ладен групп" ЖШС -іне жер учаскелерін меншіктену құқығын беру туралы Астана қаласы әкімшілік кеңесінің шешімін заңсыз деп тану туралы шағым түсірді.