Оның айтуынша, "Лаңкестікпен күрес туралы" заңның 21-бабына сәйкес ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР бас прокуратурасына төрт ұйымның тізімін енгізген. Комитеттің бағалауынша, бұлардың іс-қызметі қазіргі конституциялық құрылымды күйретуге және ұлтаралық алауыздық отын өршітуге бағытталған. Өз кезегінде ҚР бас прокуратурасы бұл ұйымдар туралы таныстыруды ҚР Жоғарғы сотына жолдады. "Бұл мәселе бойынша ҚР Жоғрағы сотының шешімі таяу күндерде шығарылады",- деді ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары.
Қ.Карбозов бұл ұйымдардың атын атаудан және және сот шешіміне дейін олардың іс-қызметіне баға беруден бас тартты. "Мен сот шешіміне әсер еткім келмейді, бірақ, азамат ретінде еліміз аумағында осындай ұйымдардың іс-қызметіне жол беруге болмайды деп есептеймін",- деді ол.