ҚР Жоғарғы соты кадрлық резервке қабылдаудың жас шектеуін енгізді

«Жас шектеуіне қатысты айтарым, біз бұған әдейі бардық. Өйткені, бұл Жоғарғы сот. Дайындығы қандай болса да, жасы келген соң 3 немесе 5 жылдан кейін ол кетуі тиіс. Оның шекті мерзімі келеді. 3-4 жыл жұмыс істегеннен кейін біз оны шығарып саламыз. Жоғарғы сотқа кемінде 10-15 жыл жұмыс істеуі үшін болашағы зор адамдар келуі қажет. Олар 5-7 жылдан кейін корифейге айналуы қажет. Оны бәрі құрметтеуі тиіс», - деп атап өтті жиын барысында Қ.Мәми.

Отырыс барысында Жоғарғы соттың кадрлық резервінің тізімі бекітілді. Қ.Мәмидің атап өтуінше, бұған дейінгі облыстық сотта 5 жыл жұмыс істеуі тиістігі туралы міндетті талап заңнамаға сай келмейтін болады. Сол себепті кандидаттарды резервке алу барысында судьялардың  жалпы жұмыс өтілі 10 жыл болуы басты қаперге алынды.