Бас тартуға шағымды дұрыс рәсімдемеу себеп болған. ҚР Жоғарғы сотынан хабарлағанындай, арызға оппозициялық блоктың үйлестіру кеңесінің тең төрағасы Асылбек Қожахметов қол қойған екен. Ал блоктың үйлестіру кеңесінің шешімі бойынша блоктың бүкіл құжаттарына екі тең төраға бірдей қол қоюы тиіс. Шағымда тағы бір тең төраға - Серікболсын Әбділдиннің қолы қойылмағандықтан, сот блок шағымын қарамау туралы байлам жасады. Сондай-ақ, ҚР Жоғарғы сотынан хабарлағанындай, бұл шағымда жіберілген "қателіктер" жөнделгеннен кейін блок сотқа тағы да жүгіне алады.