ҚР Жоғарғы соты "Шаңырақ" ықшамауданында полиция қызметкерін өлтіруге айыпты деп танылғандарға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды

"Полиция қызметкерін өлтіруге айыпты деп танылғандарға қатысты шығарылған үкімді Жоғарғы соттың алқасы өзгеріссіз қалдырды ", - деді К. Харламов.

Ол бүгін Алматының маңындағы "Шаңырақ" ықшамауданында 2006 жылдың 13-14 шілдесінде болған жаппай тәртіпсіздіктер жөніндегі іс сотталғандар, олардың қорғаушылары, жәбірленушілердің туыстарының апелляциялық шағымы, сондай-ақ, Алматы прокурорының апелляциялық қарсылығы бойынша ҚР Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасында қаралғанын еске салды.