ҚР Жоғарғы соты соттардың ЖШС қатысушылары арасындағы даулар бойынша заңнаманы қолдану мәселелері жөніндегі қаулының жобасын мақұлдады

ҚР Жоғарғы сотының судьясы Валерий Ноздриннің айтуынша, жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестік қатысушылары арасындағы даулар бойынша сот тәжірибесін жинақтау қажеттігі осындай дауларды қарау сотта қаралатын дауларлың арасындағы ең бір күрделісіне жататындығына байланысты туындаған.

"ЖШС қатысушылары арасындағы даулар, соның ішінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты даулар ауданаралық мамандандырылған экономикалық соттарда қаралуға тиіс. Ал қатысушының үлесін мұраға алуға, бірлесе жинаған мүлікті бөлісуге байланысты т.б қатысушылардың жеке тұлғалармен арадағы даулары аудандық және оған теңестірілген соттарда қаралады", -деді В. Ноздрин.