Р.Нұртайды ҚР Жоғарғы сотының судьясы етіп сайлау туралы Н.Назарбаевтың таныстыруы сенатқа ҚР Ата заңының 55-бабының 1-тармақшысы, 82-бабының 1-тармағы, сондай-ақ, "Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" ҚР заңының 31-бабының 1-тармағына сәйкес ұсынылды.
Р.Нұртайдың кандидатурасы үшін жалпы отырысқа қатысқан 35 депутат дауыс берді.
Р.Нұртай 2002-жылдан бері Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы болып істеді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін сенат депутаттары сондай-ақ Қазақстан президентінің 2005-жылғы 12-қыркүйектегі таныстыруының негізінде Қайрат Мәмиді жаңа мерзімге ҚР Жоғарғы сотының төрағасы етіп сайлады.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті