ҚР-ның дзюдо бойынша ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы тағайындалды

ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, кеңес барысында Гуанчжоуда өткен XVI жазғы Азия ойындарында дзюдо бойынша ұлттық құрама команданың өнер көрсетуі бойынша есептер тыңдалып, мәселелер талқыға салынды, кемшіліктері талқыға түсті.

Министр Гуанчжоуда өткен Азия ойындарында кеткен кемшіліктерді жою үшін тиісті тапсырмалар берді.

Кеңес барысында Асхат Житкеевтің дзюдо бойынша ұлттық құрама команданың бас жаттықтырушысы болып тағайындалғаны мәлім болды. Ал Ербол Қырғызбаев дзюдо бойынша әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды.