ҚР-ның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы Орта Азия өңірінің проблемаларын шешуге ықпал ететін болады - Назарбаев

"ЕҚЫҰ төрағалығына сайлана отырып, Қазақстан тең құқылы диалог, жағымды тәжірибе алмасу, тиімді шешімдер іздестіру түрі ретінде ұйымның нығаюын өз мақсаты етіп қойды", - деп мәлімдеді Н. Назарбаев.

"Біз өсіп келе жатқан қауіп-қатерлердің қасында ЕҚЫҰ-ның қуатты ұйымға айналғанын қолдаймыз", - деп толықтырды ол.

Сондай-ақ, Қазақстан ұйымның барлық мүшелерінің мүдделеріне сәйкес ЕҚЫҰ қызметін өзгертуді қолдайды. Бұл ретте Н. Назарбаев мемлекеттің алдағы төрағалықты ұйымға мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылдарына жаңа дем беру мүмкіндігі ретінде қарастырып отырғанын атап өтті.

"Біз мәдениет аралық, конфессияаралық диалогқа, Еуропадағы жаңа бөлініс сызықтарын бір сарынға түсіру бойынша күш-жігерге, Еуроатлантикалық және Еуразиялық аймақ елдерін біріктіретін факторларды іздеуге, ұйымның жауапкершілігіне ықпал ете отырып, қауіпсіздіктің маңызды проблемаларына назар аудармақ ниеттеміз", - деп мәлімдеді Қазақстан президенті.

"Біз нәсілшілдікпен, төзбеушілікпен, кемсітушілікпен күрес бойынша ЕҚЫҰ-ның күш-жігеріне қолдан келгенше көмектесіп отыратын боламыз. Біз Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуі Орта Азия өңірінің проблемаларын шешуге, Еуропамен ынтымақтастықтың белсенділігінің айтарлықтай артуына және Ауғанстандағы проблеманы бірлесе шешуге жәрдемдеседі деп есептеп отырмыз", - деп сөзін түйіндеді Н. Назарбаев.