ҚР-ның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі Еуропа мен Орталық Азия арасындағы байланыстарды арттыруға мүмкіндік береді - ЕҚЫҰ ПА басшысы

"Мен Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-ның төрағасы қызметіне кірісер сәтті асыға күтудемін. Өйткені, ол Еуропа мен Орталық Азия арасындағы байланыстарды арттыруға, сондай-ақ, осы үлкен және ықпалды мемлекетте демократия мен ашықтықты нығайтуға мүмкіндік береді", - деді Й. Леннмаркер.

"Мен және осы ассамблея Қазақстанның ЕҚЫҰ басқару бойынша күш-жігеріне белсенді қолдау көрсеттік", - деп атап өтті ол.