Қ.Сұлтанов Елбасына негізгі заң жобаларының қаралу барысы жайлы баяндады

Қуаныш Сұлтановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 Қ.Сұлтанов Елбасына Мәжілістің заң шығару жұмысының бірқатар бағыттары және негізгі заң жобаларының қаралу барысы, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндады.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті Қ.Сұлтановты 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, мықты денсаулық, бақ-береке және бұдан арғы жұмысына табыс тіледі.