Қ.Тоқаев Митрополит Александрмен қазіргі замандағы ең өзекті мәселелер бойынша дінаралық үнқатысуды дамытудың келешегін талқылады

Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Жүздесушілер Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасына сәйкес қазіргі замандағы ең өзекті мәселелер бойынша дінаралық үнқатысуды дамытудың келешегін талқылады. Қ.Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының кезекті отырысы үстіміздегі жылғы 17-18 қыркүйекте болатыны және оның барысында 2015 жылғы Съездің өтетін нақты мерзімі анықталатыны туралы хабардар етті.

Сондай-ақ Қ.Тоқаевтың Мәскеу және Бүкіл Ресейдің Патриархы Кириллмен кездесуі үшін биылғы жылдың соңында Мәскеуге сапармен бару мүмкіндігі талқыланды.