Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесу ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан -Қытай комитетінің темір жол транспорты саласындағы ынтымақтастық жөніндегі ішкі комитетіінң төртінші отырысы аясында өтті.
"А. Мамин мен Ху Ядун кең көлемді мәселелер топтамасын талқылады. Тараптар Достық - Алашанькоу шекаралық өткелі арқылы жүк тасымалдау көлемінің орындалуына, жүк тасымалының маркетингін пәрмендендіру арқылы қосымша көлем тарту мәселелеріне назар аударды", - делінген хабарламада.