"Тасымалдарды басқарудың автоматтандырылған орталығын құру жөніндегі құжаттама жеке жоспар түрінде таяу уақыттардақаралып, бекітіледі", - деді Қ. Әбдиев.
Оның түсіндіруінше, тасымалдарды басқарудың автоматтандырылған орталығында "тасымалды басқаруды, жалпы поездардың қозғалысын қамтамасыз ететін барлық адамдар жұмыс істейтін болады".
Сонымен бірге, Қ.Әбдиевтің пайымдауынша, "КТЖ Ұлттық компаниясындағы процестерді автоматтандыру және ақпараттандыру процестерінің ағымдағы жағдайына консалтинг жүргізу қажет".
"Олай дейтініміз, бұл жұмыс бұған дейін жоғары деңгейдегі мамандарды қатыстыра отырып, сыртқы көзқарасты қамтамасыз ете отырып жеткілікті деңгейде жүргізілген жоқ. Біз барлық ақпараттық жүйеге халықаралық стандарт талаптарына сай аудит пен осы саладағы әріқарайғы дамудың басты бағыттарын қарау бойынша консалтинг өткізу қажет", - деді Қ. Әбдиев.
Оның еске салып өткеніндей, қазір ҚТЖ ҰК АҚ-ында тасымалдарды оперативтік басқарудың автоматтандырылған жүйесі, оперативтік жұмыстарды бақылаудың диалогтық ақпараттық жүйесі, машинистің бағыттарын өңдеудің автоматтандырылған интеграциялық жүйесі, жол ақпартізімін интеграциялық өңдеудің біртұтас кешені мен жолаушылар тасымалын басқарудың "Экспресс-3" автоматтандырылған жүйесі бар .
""Экспресс-3" жүйесімен билетті Интернет арқылы сатуға мүмкіндік беретін жүйе байланыстырылады, ол биыл іске қосылады", -деді ҚТЖ өкілі.