"Осы айда вагондар бар, олар жақсы келіп жатыр, желтоқсан айында бір миллионан астам тонна астық экспортын қамтамасыз ете аламыз", - деді Ж. Күлекеев.
Ол өткен айда қазақстандық темір жолшылар "украина бағыты жабық болғандықтан, ештеңе де жөнелте алмағанын" еске салды. "бізге украиналықтар рұқсат бермегендіктен, ештеңе жібере алғамыз жоқ", - деді ҚТЖ басшысы.
"Осы айда біздің жоспарымыз мынадай: Украина бізге күніне 330 вагон, Балтық жағалауы күн сайын шамамен 120 вагон береді. Бірақ біз осы бағытта 500 -ден астам вагонды жібере аламыз", - деді Ж. Күлекеев.
Өз кезегінде республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ҚТЖ басшысына еліміздің ауылшаруашылығы министрі Ахметжан Есімовпен бірлесіп Қазақстан астығын экспортқа шығару мәселесін ұдайы бақылауда ұстау қажетігін атап өтті.