Қуандық Бишімбаев Қазақстан президентінің көмекшісі болып тағайындалды

Астана. 22 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысының жарлығымен Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мемлекет басшысының өкімімен Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан
Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.