Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Фейзбук желісінде Өмірбек Шыныбекұлы есімді азамат Құрмет Талапқазының оқуға түсуіне байланысты жоғарғы оқу орындарынан көмек сұрады.
"ҚР БжҒ министрi Асхат Аймағамбетов мырзаға!
Қазақстандағы барлық университеттердiң ректорларына!
Өткен жазда қатты қуаңшылық болған кезде Шымкент қаласында саудамен айнылысып жүрген Құрмет Талапқазы «Халқымның жағдайы нашар, әсіресе шағын шаруашылықпен айналысатындарға қиын заман туды, соған құлазып журмiн. Көмек бастап кеткеніме қуанамын, әрине, бірақ бұл мақтану үшін емес, қуанудың орнына iске кiрiсу керек, жұмыс көп. Ата-әжелер көзіне жас алып, алғысын жаудырып жатыр, батасын берді. Бірақ рақметін күтпеймін, әрбір қазақ, өз елінің азаматы менің ісімді жасар еді. Қазір бәрін жиналып, көмектесуге шақырамын», - деп мәлімдеп, өзі бастап кеп орып, Қазақстанның батыс өңiрлерiне вагон -вагон шөп жiбергенiн ұмыта қойған жоқпыз...
Кеше Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мырза Құрметке "Жыл үздiгi-2021" сыйлығын тапсырды.
Желіде жазылған пікірлерден Құрметтің де өз проблемасы жетерлік екенін біліп, телефонмен хабарласып, өзiмен сөйлестім.. Ұяң жiгiт екен, проблемасын айтқысы келмеп едi, мен тықақтап қоймадым..
Кытайдың Алтай өлкесінде туып-өскен Құрмет 2016 жылы елге оралып, Шымкент қаласындағы оқу орындарының біріне тускен екен. Артынан "Силквей (қазiргi "Орда") университетіне ауысып, оқып жургенде аяғын қатты жарақаттап алып, оқуын жалғастыра алмай калыпты. Сөйтіп жүргенде "Орда" университеті лиценцзиясынан айырылып, жабылып қалды.
Өздерiнiз бiлесiздер, патриот адамдар жеке бастарын ойлай бермейді. Елдің аштан қырылған малына шөп жинап жүріп, Құрмет құжатын өзге университетке тапсырып үлгермей қалады..
Патриотизмнің жарқын үлгісін көрсеткен Құрмет секілді азаматты елiмiздегi кез келген университет құшақ жая қарсы алады деп ойлаймын.
Аскат Қанатұлы! Құрмет Талапқазыны аз ғана демеп жiберiп, өзге бір университетке ауысуына ықпал жасап жіберіңізші..
ҚР Білім және ғылым министрлігі / Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті!
Репост!!!" деп жазды.