Қуаныш Сайманұлы Ливандағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

«Олимпиада резервінің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі 19 жасар Қуаныш Сайманұлы жастар арасында дзюдодан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды», - деп мәлім етті Қуаныштың жеке жаттықтырушысы Жандос Қиянов.

Оның айтуынша, спортшы чемпионатта үш жекпе-жек өткізді. Біріншісінде сириялық палуанды, екіншісінде ирандықты жеңді. Ал үшінші кездесуде Өзбекстан өкіліне дес берді.

Қуаныш Сайманұлы - жастар арасында Қазақстан чемпионы, ҚР чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері, Үндістанда өткен жастар арасындағы Азия чемпионатының жүлдегері, Якутиядағы «Азия балалары» Ойындарының қола жүлдегері, Германиядағы «Бремен мастерс» халықаралық турнирінің чемпионы.