Fight Nights компаниясының хабарлауынша, кештің басты жекпе-жегі Қуат Хамитов (18-6-0) және ирландиялық Питер Куилли (10-4-0) арасында болмақ. Сондай-ақ, турнир аясында тағы үш қазақстандық файтерлер жекпе-жек өткізеді деп жоспарлануда. Олар - Жалғас Жұмағұлов, Жұмажан Жұмабеков және Георгий Кичигин.
Айта кетейік, FIGHT NIGHTS GLOBAL 80 турнирі 26 қараша күні 19:00-де «Алматы-Арена» спорт кешенінде өтеді.