"Қуат" корпорациясы Алматыдағы шіркеулерді бұзу туралы шешім әлі шыққан жоқ деп сендірді

Оның айтуынша, Астана мен Алматы епархиясына "жалған ақпарат жеткен". "Оларға Сайранның батыс жағалауындағы шіркеуді бұзу туралы ақпарат барған. Бірақ біз батыс жақ жағалауда ешқандай құрылыс салмаймыз және де ештеңе бұзбаймыз",- деп хабарлады И. Демин.

Сонымен қатар корпорация төрағасы "Сайран" мегакешені құрлысының аумағында тағы бір шіркеудің тұрғандығын" нақтылап өтті. "Бірақ біз қала үшін, көптеген адамдар үшін үлкен мәнге ие діни ғимаратпен бей-берекет қатынасуға болмайтындығын түсінеміз",- деп атап өтті И. Деминов. Ол "әзірге шіркеуді бұзу туралы сөз қозғалмағандығын" қосты.

"Біздің сәулетшілер бұл мәселені басқаша шешетін болады. Әзірге хабарландыру болған жоқ, бұл мәселе өз шешімін табады",- деп атап көрсетті басқарма төрағасы. "Көп қабатты биік үйлері бар мұндай үлкен аудан сала отырып, діни ғимараттардың сәулет және дизайн талаптарына сай өзіне лайықты жерде тұрғанын, ескерген жөн", деп түсіндіріп өтті ол.

"Қазір шіркеу қонақ үй мен демалыс орнын, көңіл көтеретін ғимараттар салу жобаланған жерде тұр, сондықтан да бұд мәселені епархиямен мүмкіндігінше келісу қажет",- деп нақтылап өтті И. Демин.

Өз кезегінде Астана және Алматы епархиясының хатшысы Андрей Литовка "Алматыжер" МКК епархияға жолдаған хатында Сайран өзенінің батыс жағалауындағы "Богоявленский" шіркеуінің бұзылатындығы туралы айтылғандығын хабарлады. "Қала құрылысы жөніндеггі кеңесте бекітілген Сайран көлінің жағалауында құрылыс салу тұжырымдамасына сәйкес, Садовников көшесіндегі 196 үйде орналасқан жер телімі көңіл көтеретін демалыс орны ретінде пайдаланылады ... Осы баяндалған жайттардың негізінде, жоғарыда көрсетілген жер телімін бұзылатын аумақ аясынан шығару қисынсыз деп саналады",- деп айтылған "Алматыжер" МКК хатында.

Сонымен қатар, А. Литовканың пайымдауынша, "Всех скорбящих радости" шіркеуінің тағдырына да қауіп төніп тұр. "Алматыжер" осы шіркеу дінбасының оны бұзу аумағынан тыс шығару туралы өтінішіне 2007 жылдың 11-ші наурызындағы хатында "үндеу ... Алматы қала құрылысы және сәулет департаментінің қарауына және "Қуат" Корпорациясы" АҚ қарауына жіберілді" деп жауап берген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті