Ал сейсмология жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының ғылым жөніндегі директорының орынбасары Асқар Оспановтың айтуынша, Алматы Орталық Азия аймағындағы ең сейсмологиялық белсенді ауданда орналасқан және мұндағы тектоникалық құбылыстар "белсенді фазаға көшті". Демек, алдағы 10-20 жылда Алматыда қуатты жер сілкінісі болу ықтималдығы зор. А.Оспановтың айтуынша, бұдан да нақты және шұғыл сейсмологиялық ақпарат алу үшін 2005-жылы институт бағдарламасына сәйкес Қазақстанда жаңадан 52 сейсмостанция іске қосылады. Бұл орайда орталық және батыс Қазақстанның бұрындары аз зерттелген аумақтатына баса назар аударылмақ. Бүгінде сейсмологиялық станциялардың негізгі желісі Алматы облысында орналасқан. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облысында екі, Оңтүстік Қазақстан облысында төрт станция жұмыс істейді.
Бұған қоса А.Оспановтың айтуынша, бүгінде сейсмология жөніндегі ғылыми-зерттеу институты мен ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардабын жою жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның жобасын жасап бітірді. Құжат үкіметтің қарауына жіберілген. Бағдарлама 2005-жылдың басында қабылданады деп күтілуде.