Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Экспресс К-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Көрер көзге ұят ырымның видеосы Youtubе-тегі KYN.KZ арнасында жарияланды. Онда құдалыққа келген адамдар әйел мен ер адамның оғаш әрекетіне мәз болып, қошемет көрсетуде. Ал төсекте жатқан екеу еш қымсынбастан бір-бірін аймалап, сүйісіп жатыр.
Көптің көзінше ұятсыз әрекет жасаған ересек адамдардың бұл қылығын сынап, түрлі пікір қалдырғандар жетерлік.
"Бұл қайдан шыққан түсініксіз салт?", "Құдай сақтасын! Қуады екен мыналар", "Алла кешірсін сендерді", "Масқара! Осы қазақтың жеңгемен ойнау, жездемен ойнау дегені де дұрыс емес",— деп жазды желі қолданушылары.