Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
Әнші Айгерім Мамырова жақында "Жүрегім ғана біледі" атты су жаңа әнін жарыққа шығарған болатын. Әннің сөздеріне назар аударсақ:
"Білемін әуелі, жүрегің әдемі, дауысыңнан" - деген сөздер құдды әнші жігітке арнап шығарылғандай көрінеді.
Айгерім Мамыроваға тыңдарманы қойған сұрағына:
"Сіз қалай ойлайсыз?!"-деп Иса Алимұсамен түскен суретін жариялады.
Ал, күні бүгін Иса Алимұса инстаграм желісіндегі сторис бөлімінде Айгеріммен түскен суретін жариялап:
"Құдай қаласа деп сөйлейін
" - деп жазба қалдырды...
Бұның бәрін қос әншінің тыңдармандары елеусіз қалдырмады:
"Сіздер үйленгелі жатсырсыздар ма?!", "Жарасымды жұпсыздар", "Той қашан?!", "Айгерім таңдауыңыз осыған түсті ме?!" - деген сұрақтар қоюда.
Алайда екі тараптан да мұндай ресми жауап әлі айтылған жоқ.