Бұл туралы «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz. «223 см айырмашылықты ақшамен санасақ қанша болады?» - дейді ол.
Жазбаға сүйенсек, құжаттарға сәйкес тұғырдың биіктігі 350 см, ал шын мәнінде - 177 см, ал ескерткіштің өзі - 400 см, өлшегенде - 350 см екен.
«Айырмашылық шамамен 223 см сияқты. Бірақ материалдардың қымбаттығын, соның ішінде көркемдік үшін қолданылатын OЦС-545 маркалы құйманы ескеретін болсақ, теориялық тұрғыдан лайықты сома келіп тұр. Бірақ таныс мүсінші мұның қола екендігіне күмәнмен қарайтын айтты», - делінген жазбада.
Автор "Тапсырыс беруші кім?" деген оқырман сауалына "Мәдениет Басқармасы" деп жауап беріп қойыпты. Сондай-ақ, оқырмандар "Бұлар Құдайдан да, Ыбырайдан да қорықпайтындар" "Ақша жегеннен біздің ел бірінші орын алатын шығар" деген сынды пікірлерін жазуда.