«Құдалар» күлкіге қарық қылмақ

Қыздары мен ұлдары Италияға қыдырып кеткен бұл құдалар жар дегенде жалғыз немерелеріне бас-көз болып бір шаңырақта қалған. Бірі – орысшадан тек он-ақ ауыз сөз білсе, енді бірі - қазақ тілін мүлде түсінбейді.

Қызу талас-тартыс күндіз де түнде де жалғасады. Тынымсыз құдаларды кілең танымал әртістер сомдаған. Ерболат Оспанқұлов, Гүлнар Аманжанова, Бақытжан Әлпейісов, Ирина Ажмұхамедова – тамаша төрттік сериал бойы күлкіге қарық қылмақ. 

-Сериал бүгін төртінші күн түсірілуде. Әртістер үй бетін көрмей, таңертеңнен қара кешке дейін осында екен. Ол түсінікті де, өйткені небәрі 3 айдан кейін құдалардың тұсаукесері болмақ.


Бақытжан Әлпейісов, актер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

-Ең бастысы, біздің қазақстандық сериалдарымыз аяғынан тұрып келе жатыр. Енді көрерменді өзіміздің төл дүниемізбен жоғалтып алған көрермендерімізді қайта тартсақ.

«Құдаларды» қазақ және орыс тілді көрермен де қатар отырып көрсе болады. Өйткені, әзіл-қалжыңы екі тілде де өтімді. Ендеше, сапалы әзіл-оспақты сағынсаңыз, КТК-дан жаңа сериалды жіберіп алмаңыз.