Құйрығын бұлғаңдатып билеген қазақ қызы әлеуметтік желіні шулатты

Би тверк деп аталады екен. Ғаламтордағы мәліметтерде ол былайша сипатталған: "Тверк (twerk) - би түрі. Онда адамның құйрық тұсы көбірек қимылдайды. Ал одан жоғары жағы қозғалмайды десе де болады. Оны әдетте қыз-келіншектер билейді".

Әрине, ұлтымызға жат бұл биді сынап жатқандар көп. Әлеуметтік желінің бір қолданушысы "Мына қыздың әке-шешесі қайда қарап отыр" деп жазыпты. Бірақ тверкті тамашалап тұрған жастар олай ойламайтын сияқты. Әсіресе, жігіттер жағы алдында құйрығын бұлғаңдатып жатқан қызға қарап, мәз болып тұр.