Құлаған ұшақ өткен ғасырдың 60-жылдары шығарылған – «Қазавиа»

«Қазавиа» компаниясының басшысы Игорь Сухоруков Алматы облысында Як-12 ұшағының құлауынан қазақ тапқандардың отбасына материалдық көмек көрсетеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Informburo.kz-ке сілтеме жасап.

«Өкінішке қарай, адамдарды қайтара алмаймыз, алайда біз материалдық көмек көрсетеміз», - деді Игорь Сухоруков телефон арқылы.

Ол ұшақ өткен ғасырдың 60-жылдары шығарылғанын, бірақ ұшуға жарамды болғанын айтты.

«Техпаспорты ғана ескі болатын, қалғанының бәрі жаңа», - деп түсіндірді ол.

Ал Азаматтық авиация комитетінің басқарма басшысы Тоты Әмірова жанып жатқан ұшақты видеоға түсірген куәгерлерге ашуланды.

«Дені дұрыс адам видеоға түсіріп қарап тұрмай, көмектесуі тиіс деп есептеймін. Бір топ адам болған, қолына күрек алып, құм шашып, адамдарға көмектесуге болар еді ғой», - деді ол видеоға қатысты.


Бұған дейін Шолақай ауылдық округінің тұрғындары әуе апатына куә болғаны хабарланған еді. «Тіленшиев» шаруа қожалығына тиесілі ұшақ егіс алқабына құлады. Кабинада ұшқыш пен жергілікті тұрғын болған. Қаза болғандардың аты-жөні әзірге белгісіз.