Өңірде жұмысқа жарамды, бірақ мүмкіндігі шектеулі 3300-ден астам адам бар. Соның тек 600-дейі жұмыспен қамту орталықтарына «екі қолға бір күрек» сұрап хабарласқан.
Хабарламада көрсетілгендей, бүгінде 172 жан тұрақты жұмысқа орналасса, 208-і - қоғамдық жұмыстарға, 43-і - кәсіптік оқытуға, 19-ы - жастар тәжірибесіне, 38-і әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген.
Ақпаннан бастап мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өткізілуде. Алғашқысы Қызылорда қаласы мен Сырдария ауданында ұйымдастырылды. Олардың арасынан 48 адамға тұрақты жұмысқа жолдама берілді.
Он екі мүшесі түгел емес жандардың мамандығы жоқтығы да жұмысқа орналасуларына кері әсер етуде. Алдағы уақытта бұл мәселе де басты назарда болады. Облыста мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсететін 17 арнайы білім беру ұйымдары жұмыс жасайды.