Бұл ақпаратты еліміздің АҚШ-тағы Елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Карнеги институтының тарихи ғимаратында өткен аталған ұжымның концерті Қазақстан Тәуелсіздігінің және қазақстандық-американдық қарым-қатынастың 20 жылдығына арналды, сондай-ақ Наурыз мейрамы қарсаңында өтті.
Мәдени шараны ашқан Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Ерлан Ыдырысов өз сөзінде, қазақстандық және американдық халықтардың арасындағы достықты нығайтудағы мәдени байланыстардың маңыздылығын атап өтті. Сондықтан да ҚР Елшілігі Қазақ елінің мәдени және тарихи мұрасын Америка жұртшылығына таныстыруға ұмтылады әрі жыл сайын ондаған іс-шара ұйымдастырады.
Концерт барысында қазақтың «Қарасай», «Қызыл қайың - серпер», «Көрұғлы» сияқты ұлттық аспаптарда орындалған күйлері, қазақтың әндері мен билері концерт өтіп жатқан ғимаратты ұлы даланың және көшпенді халықтың табиғатына бөледі. Ал қазақтың ұлт аспаптарында орындалған классикалық туындылар американдықтар сахнасына жаңаша өзгеріс әкелді. Қазақ өнерпаздарының орындаушылық шеберліктері ешкімді де бей-жай қалдырған жоқ.
Бүгін «Құлансаз» ансамблінің АҚШ-тағы соңғы концерті Лос-Анджелес қаласында өтеді.