Құнанбай туралы фильм түсірілмек


Түсірілім биыл 1 шілдеден бастап Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында жүргізіледі. Фильмге отандық киноактерлер мен Шығыс Қазақстандағы театрлардың әртістері тартылмақ.

Түсірілім жұмыстары 1 қыркүйекте аяқталады деп жоспарланған. Фильмнің қашан жарыққа шығатыны белгісіз.

Абайдың әкесі 1804 жылы белгілі бидің отбасында дүниеге келген. Ол ақылы мен зеректігінің арқасында жақсы саясаткер болды. Құнанбай алғашқыда ауылбасы, болыстықтан бастап, Қарқаралы уезінің аға сұлтаны шеніне дейін көтерілді.

Еске сала кетелік, бұл жоба Д. Жолжақсыновтың екінші режиссерлік жұмысы болмақ. 2009 жылы ол "Біржан сал" фильмін түсірген еді. Онда басты рөлді өзі сомдап шықты.