Құндыз қаласы тәлібтерден азат болды


НАТО миссиясын орындаушылардың айтуынша, қазір шаһар орталығы билік әскерінің бақылауында. Дегенмен жергілікті полиция бекеті мен қала губернаторының резиденциясы жанында әлі де қақтығыс жүріп жатыр. Соңғы мәліметтерге қарағанда, атыс кезінде бір әскери мен 26 лаңкес қаза тапқан. Оған қоса 4 үкіметтік жасақ жауынгері жараланған. Айта кетейік, Құндыз қаласы – аймақтағы стратегиялық маңызы бар тасжолдардың тоғысқан жері. Сонымен қатар Тәжікстанмен шекарада орналасқан. Онда шамамен 100 мыңға жуық адам тұрады.