"Құны 460 мың теңге": Елордалық азаматтың бренд сағатын ұрлап кеткен

Сарыарқа ауданы ПБ-ға қала тұрғыны арызданып, оның құнды затының жоғалып кеткендігі туралы жазған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу барысында белгілі болғаны, ол түнгі уақытта дәмханадан шығып, қонақүйге келген. Таңертең оянғанда, құны 460 мың тұратын қол сағатын таппаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған 51 жастағы қала тұрғынын анықтады. Ол мойындау көрсетпелерін берді.

Аталған факт бойынша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.