Құны $5,4 трлн платина астероиды Жерге жақындап келеді

Ғалымдардың айтуынша, бұл ғарыш денесінің ядросының салмағы шамамен 100 миллион тонна және ол толықтай  платинадан құралған.

Астероидтың кодтық атауы 2011 UW-158. Ол Жерге 19 шілдеде 2,4 миллион шақырымдай жақындайды.  Бұл ғарыш ауқымында көп емес деп есептеледі.

Канар аралдарында орналасқан обсерватория мамандары ғаламтор арқылы  астероидтың жерге жақындауын тікелей трансляциялайды.